- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық комиссия аймақтарға жергілікті полицияны енгізіп, тәжірибе жасап көрмекші
Ұлттық комиссия аймақтарға жергілікті полицияны енгізіп, тәжірибе жасап көрмекші
«Мемлекет басшысының нұсқауымен қазір Ұлттық комиссия жергілікті полицияны құруды қарау жұмыстары аяқтауға таяу. Полицияны қалыптастыру барысында бізге құқықтық тәртіпті әлсіретіп, аймақтардағы криминалдық жағдайды күрделендіріп алмау маңызды. Жоспарланған реформаны талқылау аяқталып, қазіргі таңда ұсақ-түйек мәселелер талқылануда»,-деді министр.
Оның сөзінше, әңгіме полицияны толықтай орталықсыздандыруға қатысты болып отыр, ІІМ бүтіндігі мен бірлігін сақтап қалу маңызды.
«Жергілікті полицияны құру маңызды деген екі мәселені шешеді. Бір жағынан жергілікті атқөарушы органдардың аймақтардағы қоғамдық тәртіпті қадағалаудағы жауапкершілігі артады. Сондай-ақ жергілікті деңгейде сауықтыру жүйесі жүзеге асырылып, дамытылатын болады. Жергілікті полиция әлеуметтік жағдайдағы және көшеде орын алатын қылмыстардың алдын алуға, ұсақ-түйек заңбұзушылықтарға төзбеу принципін енгізуге бағытталады. Екінші жағынан жергілікті полиция құқық қорғау жүйесін аймақ тұрғындарының талаптарына қарай қызмет етуге ықпал етіп, полиция қызметкерлерінің есептілігін қалыптастырады»,-деді Қ.Қасымов.
Оның сөзінше, ұлттық комиссия дайындалған үлгіні бекіту үшін 1 жыл көлемінде ол жүйені еліміздіңі бірнеше аймағынаа енгізіп тәжірибе жүргізіп көру қажет деп шешті.
«Тәжірибе бізге жергілікті полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру барысында жүйелі жіберілетін қателіктердің орнын толтырып, аймақтарда құқық тәртібін әлсіретіп алуға жол бермеуге мүмкіндік жасайды әрі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, тиісті нормативті базаның болуына қажетті шарттар қалыптастырады»,-деді министр.
Ботагөз Айтжанова
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады