- Басты
- Жаңалықтар
- 2009-2014 жылдары РФ шекарасынан Шымкент қаласына дейін 1 884 км бойында қозғалыс ашылды- Пшембаев
2009-2014 жылдары РФ шекарасынан Шымкент қаласына дейін 1 884 км бойында қозғалыс ашылды- Пшембаев
«Жобаларды 2009-2014 жылдары іске асыру кезеңінде Ресей Федерациясы шекарасынан Шымкент қаласына дейін Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан арқылы 1 884 км бойында қозғалыс ашылды. Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы, Тараз қаласының айналма жолы және Алматы-Қорғас учаскелерінің 569 километрінде жұмыс жалғасуда. 2015 жылдың аяғында Тараз қаласының айналма жолын қоса есептегенде ұзындығы 183 км Шымкент Тараз учаскесінде қозғалыс ашу жоспарлануда. Шымкент-Ташкент және Алматы-Қорғас учаскелеріндегі жұмыстарды толықтай аяқтау 2016 жылға белгіленген, сөйтіп транзиттік дәліздің өн бойымен қозғалыс ашылатын болады», - деді М.Пшембаев.
Бұдан басқа, ол атап өткендей, келесі жоба «Орталық-Оңтүстік» (Астана-Алматы), оның ұзындығы 1282 шақырым.
«Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары Астана-Теміртау (159 шақырым) және Алматы-Қапшағай (94 км) учаскелерінде жүріп жатыр. Олардың 40 шақырымы цементбетонмен төселген. 2015 жылы 72 шақырым пайдалануға беріледі (10 шақырымы Астана-Теміртау, 62 шақырымы Алматы-Қапшағай жолдары). Аталаған участкелерде құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады», - деп түйді М.Пшембаев.
Ботагөз Айтжанова
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді