- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыдан Шуға қатынау мерзімі екі есеге қысқарады - ҚТЖ
Алматыдан Шуға қатынау мерзімі екі есеге қысқарады - ҚТЖ
22 Маусым, 2015 15:19
Алматы-1- Шу темір жолының екінші телімінің құрылысын жүргізіп, оны электрлендірудің дайындығы аяқталды. Жоба жетекшілері «Нұрлы жол» экономикалық саясатын басты бағдарға алып 110,7 шақырым темір жол магистралын және 30 шақырымдық станциялық жолдарды салады, деп хабарлады ҚТЖ.

Жоба аясында көпірлер, жол өткелдері, суағарлар жүргізіледі. Қазіргі таңда жолдың топырақ қабаты төселді.
«Алматы-1- Шу аралығындағы екінші жол телімі осы аралықтағы өткізу мүмкіндігін 3,2 есеге көбейтіп, тәулігіне 68 жұп пойыздардың өтуіне жеткізеді. Жүк пойыздарының жүру уақыты екі есеге қысқарады», - делінген хабарламада.
«Жалпы негізгі жұмыстардың барлығын биыл аяқтап, келесі жылдың басында пайдалануға берудің жоспарлап отырмыз»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілі М. Есілбаев.
Құрылыс жұмыстары басталған кезде пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмейді.
Қазіргі кезде аталмыш жол телімінен тәулігіне 17 жұп жүк пойыздары, 26 жолаушылар пойыздары, «Тұлпар-Тальго» жүрдек алты пойызы өтіп жатыр.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары
-
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді
-
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді
-
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді
-
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді
-
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері
-
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет
-
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары
-
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен
-
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты

