- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 156 түлек «Алтын белгіге» ие болды
Ақтөбе облысында 156 түлек «Алтын белгіге» ие болды
«Жас түлек - 2015» салтанатына облыс әкімі Мұхамбетов А.Б., облыстық басқармалар басшылары, педагогикалық қызмет ардагерлері, облысымыздың 2450 мектеп бітіруші түлектері, 156 «Алтын белгі» иегерлері, 1000-ға жуық ата-аналар, ұлағатты ұстаздар мен қонақтар, барлығы 3000 –нан адам қатысты.
2015 жылы облысымызда 6431 оқушы мектеп бітіріп, олардың 71,8 % пайызы білім сапасының тәуелсіз сарапшысы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, орта есеппен 82,68 баллды иеленді.
Үздік оқып, білім алған 156 түлек өз білімдерінің жоғары сапасының дәлелі «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды. Ал, 66 түлек үздік аттестат иегері атанды.
Облыс бойынша ең жоғары 124 баллды жинаған 3 түлек – Тулина Рахила Серікқызы, Хромтау ауданы, №2 Хромтау гимназиясының түлегі, «Алтын белгі» иегері; Үмбетова Назкен Абдулманапқызы, Ақтөбе қаласы, Благодарный орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері; Танирберген Айдана Қайырғалиқызы, Алға ауданы, Бестамақ орта мектебінің түлегі.
Мерекеге Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің алғашқы түлектері де қатысады.
Мерекелік шара барысында «Алтын белгі» төсбелгісін иеленген түлектер, халықаралық пәндік олимпиадалар мен өнер, спорт жарыстарында жеңімпаз атанған түлектер облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары