- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл агрокешен субъектілерінің 200-ден астам қарыз шартының субсидиялануы мақұлданды
Биыл агрокешен субъектілерінің 200-ден астам қарыз шартының субсидиялануы мақұлданды
Бұл шарттар бойынша негізгі қарыз сомасы 7,7 млрд. теңгені құрайды. Мақұлданған шарттардың қолдану мерзімінің аяқталуына дейінгі субсидиялар мөлшері 1,3 млрд. теңгеге тең. Соның ішінде ағымдағы жылға 384,8 млн. теңге субсидия қаралған.
Субсидияланған несиелер ішінде: айналым қаражатын толықтыру бойынша 60 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 268,4 млн. теңге),негізгі құралдарды сатып алу бойынша 106 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 69,7 млн. теңге),ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарының лизингі бойынша 67 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 46,7 млн. теңге) бар.
Субсидиялау бағдарламасына қатысу бойынша өтінімдер 21 қаржы институтынан келіп түскен.
Неғұрлым көп тапсырылған және мақұлданған шарттар Ақмола облысына тиесілі, нақтырақ айтсақ, бұл өңірге 39 қарыз шарты меншікті, 2015 жылы төленуі тиіс субсидия көлемі 192,2 млн. теңгені құрайды, бұл мақұлданған субсидиялар көлемінің - 49,9%.
Жалпы мақұлданған субсидиялар көлемінің 27,6% Алматы облысының қарызгерлеріне тиесілі, аталмыш аймақ бойынша 2015 жылы төленуі тиіс субсидия көлемі 106,4 млн. теңгені құрайтын 7 шарт мақұлданған.
Қалған облыстарға жалпы мақұлданған субсидия көлемінің 5% және одан аз мөлшері тиесілі.
Ауыл шаруашылығы салаларының ішінде:мал шаруашылығы бойынша 124 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 23,8 млн. теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 69 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі – 70,2 млн. теңге), ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу бойынша 8 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі – 230,9 млн. теңге), аралас ауыл шаруашылығы бойынша 32 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі – 59,9 млн. теңге) мақұлданды.
Еске сала кетсек, бұл қолдау бағдарламасы несиелік/лизингтік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің бір бөлігін субсидиялау жолымен қаржылық қызметтердің агрокешен субъектілеріне қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты