- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жақсыбеков: Елордада білім деңгейі жылдан жылға артып келеді
Ә. Жақсыбеков: Елордада білім деңгейі жылдан жылға артып келеді
Дәстүрлі «Алтын белгі» төсбелгілерін табыстау рәсіміне ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты.
Әкім кешегі мектеп оқушыларын атаулы күнмен құттықтап, білімдерін растайтын алғашқы құжатты алуларымен құттықтады. Қала басшысы, сондай-ақ, биыл «Алтын белгі» иегерлерінің саны 84-тен 111 түлекке дейін артқанын атап өтті.
Ә. Жақсыбеков жылдар бойы оқушыларды кәсіби түрде дайындап тәрбиелеген ата-аналар мен мұғалімдерге алғыс білдірді.
«Елордада білім деңгейі жылдан жылға артып келе жатқаны қуанышты жайт. Астана білім сапасы бойынша елімізде бірінші орында тұр», - деді әкім.
Сонымен қатар, қала басшысы 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, жақында ғана ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі арасында бекітілген 2015-2017 жылдарға арналған білім жүйесін жетілдіруге бағытталған меморандум да қалада білім сапасын арттыруға септігін тигізбек.
«Астанада білім саласының дамуына инфрақұрылымдық даму жағдайы да оң әсер етеді. 17 жылдың ішінде елордада 44 мектеп салынды. Сонымен қатар, биыл 5075 орынға есептелген жалпы білім беретін 5 мектеп пен 1050 орындық қосымша ғимарат салынбақ», - деді елорда басшысы.
Әкімнің атап өтуінше, елімізде білім саласын дамыту үшін қолайлы жағдай жасалуда. Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше назар аударады. Бүгінгі күннің өзінде-ақ оң нәтижелерді байқауға болады. Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша 399 оқушы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысты, соның ішінде 238-і медальдармен марапатталды.
« Бүгінде елордада еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары орналасқан, олардың есіктері сіздер үшін әрдайым ашық және бұл мекемелерде отандық және шетелдік үздік педагогтар жұмыс істейді», - деді әкім өз сөзінде.
Айта кетейік, бүгін 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша қаладағы 77 мектептің 4407 түлегіне аттестаттар табысталды, соның ішінде 35-і үздік аттестат иегері.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция