- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Украина басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Украина басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
20 Маусым, 2015 12:08
Елбасы Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында П.Порошенко қол жеткізілген бұрынғы уағдаластықтарға сәйкес Украина Қазақстанның ДСҰ-ға кіру үдерісін қолдағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен қолдауы үшін Украина Президентіне ризашылық білдірді.
Екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасып, алдағы уақытта өтетін Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі бірлескен мемлекетаралық комиссия отырысында жемісті нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенетіндерін айтты.
Қазақстан мен Украина президенттері П.Порошенконың Астанаға жасайтын алдағы сапарын да талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды