- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетауда 18 медицина қызметкері марапатталды (ФОТО)
Көкшетауда 18 медицина қызметкері марапатталды (ФОТО)
Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин медицина қызметкерлерін құттықтады. Салтанатты жиынға 600-ден астам медицина қызметкерлері қатысты. Естеріңізге сала кетейік, кәсіби мерекелерінің қарсаңында бір топ медицина қызметкерлері Көкшетау қаласынан жаңа пәтерлердің кілттерін алды.
«Аймақты биылғы жылы 16 дана медицина құрылғысы мен 8 санитарлық автокөлік алынды. 2015 жылдың екінші жартыжылдығында тағы 57 медициналық құрылғы алынып, құны 4,5 миллиард теңге болатын 14 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр»,-делінген хабарламада.
Іс-шарада облыс әкімі медицина қызметкерлерін «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және алғыс хаттармен марапаттады. Облыс әкімінің марапатына барлығы 18 медицина маманы ие болды.
«Бүгін біз өз өмірін әлемдегі ең ізгі мамандықпен – медицина қызметімен байланыстарған азаматтардың кәсіби мерекелерін атап өтудеміз. Сіздердің миссияларыңыз күрделі әрі аса жауапты және сіздерден ол бар ынта-ықыластарыңызбен беріле отырып, барлық күш-жігерлеріңізді сарқа жұмсауды қажет етеді. Дәрігер мамандығы қандай замандарда болмасын, қай жерде болмасын қоғам арасында ерекше сыйлы, құрметті мамандық болып келген. Бұл күн біздің әрқайсымыздың Ақмола облысының денсаулық сақтау күзетінде тұрған азаматтарға ыстық ықыласымыз бен алғысымызды білдіретін күн. Барлықтарыңызға, мықты денсаулық, бақыт, сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілеймін»,-деді облыс басшысы өзінің құттықтауында.
Мерекелік шара концертке ұласты.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді