- Басты
- Жаңалықтар
- Медицина қызметкері күні мерекесінің қарсаңында «Мамындығы бойынша ең мықты» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Медицина қызметкері күні мерекесінің қарсаңында «Мамындығы бойынша ең мықты» байқауының жеңімпаздары марапатталды
«Мемлекеттің дамуы мен оның болашағы адам капиталына байланысты. Ал адам капиталы оның денсаулығымен байланысты, сондықтан да кез-келген мемлекет денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөледі. Осы жылдар ішінде елімізде денсаулық сақтау саласына мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінді. Соңғы екі жылдың өзінде ғана денсаулық сақтау саласы бойынша 600 медицина нысаны бой көтерді. Қазір елімізде осыған дейін мүмкін емес болып келген күрделі деген операциялар жасалады. Сондай-ақ әлеуметтік қолдауға, яғни жалақы мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Елде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, соның арқасында денсаулығы мықты азаматтар саны артып, туу көрсеткіштері өсіп, ана мен бала өлімі азайды»,-делінген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың құттықтау сөзінде. Оны шараға қатысушыларға Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев оқып берді.
Бұған қоса, ол елімізде «Саламатты Қазақстан» бағдарлаамсы жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Аталған бағдарламаның арқасында денсаулығы мықты азаматтар саны артып, туу көрсеткіштері өсіп, ана мен бала өлімі азайды. «Ел Үкіметінің атынан сіздерге қызметтеріңіз үшін, қамқорлықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге бәрі байланысты, өйткені сіздер адамды туылған күнінен бастап оның көзі жұмылғанша бақылайсыздар. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, денсаулық пен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіздер»,-деді Б.Сапарбаев.
Салтанатты шарада «Мамындығы бойынша ең мықты» байқауының жеңімпаздары 12 аталым бойынша марапатталды. Олар: «Үздік ауыл дәрігері», «Үздік денсаулық сақтау менеджері - ұйымдастырушы», «Үздік медбике», «Үздік фельдшер», «Денсаулық сақтау саласы бойынша үздік тәуелсіз сарапшы», «Үздік жоғары оқу орнының ұстазы», «Үздік колледж ұстазы», «Үздік түлек», «Үздік ғалым», «Үздік санитарлық дәрігер», «Үздік провизор».
«Мейірімділік» аталымын КСРО мен Қазақ СРО-ның қ9рметті доноры, әлем бойынша донация жөнінен екінші орынды жеңіп алған Александр Скаковский алды.
Ботагөз Айтжанова
Фото Азамат Алиев
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді