- Басты
- Жаңалықтар
- Жылжымайтын мүлік техпаспортына онлайн төлеу eGov.kz порталында қолжетімді болды
Жылжымайтын мүлік техпаспортына онлайн төлеу eGov.kz порталында қолжетімді болды
Бұдан асқа дайын құжатты бұрынғыдай Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығынан емес, ХҚКО алуға болады.
Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың соңынан бастап электрондық үкімет порталында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру қызметі қолжетімді.Осы уақытқа дейін порталда аванс құнының төленгені үшін чектің скан-көшірмесін тіркеуге болатын еді, алайда қызмет үшін онлайн төлеуге мүмкіндік болмады.
«Біз электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы қызметті аванс төлемі мен қалған төлем бөлігінде оңтайландырдық, осылай біз чектің скан-копиясын тіркеуді алып тастадық» - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев ақпарат берді.
Оңтайландырудан кейін eGov пайдаланушысы электрондық өтінімді берген кезде барлық қажетті жолдарды толтырады, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжатты тіркейді және қызметтің аванс құнын төлейді.
Сұрау салу бұдан әрі Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығына түседі, онда техникалық паспорт дайындалады да пайдаланушыға қалған ақы сомасы жіберіледі. Қалған ақы төленгеннен кейін пайдаланушының Жеке кабинетіне хабарлама түседі, онда дайын техпаспортты алуға болатын ХҚКО атауы көрсетіледі.
Техпаспортты ХҚКО-да алу үшін азамат осы хабарлама мен жеке куәлікті ұсынуы қажет.
Айта кетерлік жайт, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру Электрондық үкіметтің басым міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өту қажет. Осы жұмыс өзімен бірге талап етілетін құжаттардың санын, азаматтарға қызметтерді көрсету кезінде уақытты және қадамдарды қысқартуды ұсынады. Бүгінгі күні оңтайландыру электрондық үкіметтің қызметтерін көрсеткен кезде 2500 аса түрлі құжаттарды қысқартуға мүмкіндік берді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті