- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жемқорлық ауыздықтауға мүмкіндік жасайды
Б.Байбек: 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жемқорлық ауыздықтауға мүмкіндік жасайды
«Нұр Отан» партиясының XVI Съезінде Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев елімізді әрі қарай модернизациялау үшін «Бес институтционалдық реформа» ұсынғаны мәлім. Оны іске асыру үшін «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» қабылданды, оны орындау Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, аталған реформаларды іске асыру мемаппараттағы және әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлықты ескертусіз мүмкін емес.
Осыған орай, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілікті және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ғана емес, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуді көздейтін «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы ерекше маңызға ие бола түседі.
Семинар-кеңеске қатысушылардың алдында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек құрылған кезден бастап «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсаты айқын тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқанын, ал, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен партияның Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік Стратегияның идеологиялық өзегіне айналғанын атап өтті.
«Бес реформаны іске асыру қазақстандық мемлекеттілікті нығайту, либералдық қоғамды дамыту, «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау, сондай-ақ, жемқорлыққа жол бермеу мен мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыру үшін шынайы жағдайлар туғызады. Сонымен бірге, қоғамның белсенді қатысуынсыз, тек мемлекеттің күшімен ғана сыбайлас жемқорлықпен күресу тиесілі нәтиже бермейді. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы бірыңғай майдан болып қарсы шығуы тиіс», - деп атап өтті сөйлеген сөзінде Б.Байбек.
Партия Төрағасының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, барлық мемлекеттік органдардың қызметін терең талдау және қоғамдық партиялық бақылауды жүзеге асыру бойынша түбейгейлі шараларға арналған партияның базалық алаңы екенін баса айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің басшыларына БПҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тұрақты әдістемелік және тәжірибелік көмекті ұйымдастыру тапсырылды. Жастардың «Жас Отан» жастар қанатының жұмысына ерекше назар аудару қажет, өйткені жастар арасында оның белсенділігінен сыбайлас жемқорлыққа қатысты олардың көзқарасының қандай болатынына байланысты.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын