- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚМ Кадет корпусын ең көп түлек бітіріп шықты (Фото)
ҚР ҚМ Кадет корпусын ең көп түлек бітіріп шықты (Фото)
Биылғы жылы ҚР ҚМ Кадет корпусын ең көп түлек, яғни 214 адам бітірді. Оқу орны ашылғаннан бері онда 2 224 сержант «Әскери басқару» мамандығы бойынша оқып шықты. Оның ішінде 2012 жылы – 206 адам, 2013 жылы – 176 және 2014 жылы 181 сержант бітірді.
Бітірушілер арасында 11 сержант үздік бағаға бітіріп, Дамир Бірібаев, Азамат Қыстаубаев пен Азамат Қажыбаев үздік медаль алды. Айта кетейік, Кадет корпусына 17-21 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ жасы 23-тен аспаған келісімшарт негізінде және мерзімді әскери қызмет өтеген сарбаздар оқуға қабылданады. Жалпы оқу бағдарламасы 1 жыл 10 айға есептелген.
Бірінші курста кадеттер әскери қызметтің негіздерін үйреніп, әскери ант қабылдайды және 10 жылға келісімшартқа қол қояды. Екінші курстан бастап жауынгерлік тағлымдамадан өтеді. Олар ҚР ҚК әскери бөлімдеріне барып, теориялық білімдерін іс жүзінде сынайды. Оқуды бітірісімен кадеттер «Әскери басқару» мамандығы бойынша «Әскери басқарудың кіші маманы (менеджер)» біліктілігі берілгені туралы диплом алады. Сонымен қатар, «Механика – 3-сыныпты БМП жүргізушісі» және «В», «С» категориялы автокөлік жүргізушісі куәліктері беріледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар