- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазАгро несие өтінімдерін жинақтау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесін енгізді
ҚазАгро несие өтінімдерін жинақтау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесін енгізді
«Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арасындағы кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі Келісімге қол қою барысы туралы «ҚазАгро» холдингінің Басқарушы директоры Айгүл Мұхамадиева айтты.
Холдингтің өкілі атап өткендей, «ҚазАгроның» барлық еншілес компанияларының қызметі «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасын іске асыруға бағытталған, әсіресе ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің несие ресурстарына қолжетімділігін жоғарылату бөлігінде. «Осы бағыт шеңберінде холдингтің құрамындағы үш компания – «Аграрлық несие корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «ҚазАгроҚаржы» ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін несие өнімдерінің кеңейтілген спектрін ұсынады. Соның ішінде қолжетімділікті жоғарылатуға несие серіктестіктерін қаржыландыру арқылы қол жеткізіледі, ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несие ұйымдары арқылы аудандардың, елдімекендердің пункттері деңгейінде несие ресурстарын жеткізеді, - деді Айгүл Мұхамадиева.
Астанада «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға қолдау көрсету шеңберінде Өзара іс-қимыл жөніндегі келісімге қол қойды.
Құжатқа сәйкес, тараптар түрлі бағыттар бойынша өзара әрекет жасауға ниетті – Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары және қаржыландыру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі кеңес беру орталықтары арқылы аграрлық кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарын ақпараттық қамтамасыз етуден моно және шағын қалалар мен ауыл тұрғындарын кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуға дейін. Бұдан басқа, Келісім бизнес жоспарларды жасау және «ҚазАгро» холдингінің қаржы институтына беру үшін өтінімдерді қалыптастыру бойынша кеңес беру қызметі, құқықтық сүйемелдеу бөлігінде кәсіпкерлерді сервистік қолдауды болжайды.
«ҚазАгроның» Басқарушы директоры Айгүл Мұхамадиева айтқандай, «Атамекен» ҰКП осындай келісімдерге «Аграрлық несие корпорациясы» және «ҚазАгроҚаржы» АҚ да қол қояды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар