- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЕАЭО темір жол тасымалын кедендік реттеу мәселелері талқыланды
Астанада ЕАЭО темір жол тасымалын кедендік реттеу мәселелері талқыланды
Отырыс барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Белоруссия темір жолы» ММ, «Ресей темір жолы» ААҚ Еуразиялық экономикалық одақ аясында жетілдірілген кедендік келісім құқықтық базасын жасап, ұсыныс енгізді. Оның ішінде Кеден одағы аясында ЕЭО жобасы ережесінің кейбір бөлімдерін қамтыды.
Мәселен, болашақ міндеттеменің бірі ретінде тасымалдаушыға тауары жөніндегі ақпараттарды ЕЭО аумағындағы кедендік орындардан жедел өтуі үшін мүдделі тараптарға алдын ала беру жайы келісілді. Оған қоса теміржолмен тасымалдаушының алдын -ала жаңсақ ақпараттарды кеден орындарына беру кезіндегі жауапкершілігін құжаттан алып тастау ұсынылды.
Сонымен қатар ЕЭО мүше мемлекеттердің темір жол тасымалдаушыларының тауарды жоғалтуына жауапкершілігі, тауарларды тасымалдаудың бірыңғайландырылған идентификациялық құралдарын жоғалтып алғандығы үшін ЕЭО мүше емес елдердің жауапкершілігін алып тастау ұсынылды.Отырысқа қатысушылар кедендік бақылау орнатуға тиесілі тауарларды жеткізу уақытын ұзарту тәртібі, теміржол өткізу бекеттерін көкжелектендірудің ұлттық заңдылықтарының талаптары, басқа да Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекеттердің мемлекеттік органдарының шешімдері туралы өзекті жайлары талқыланды.
Отырыс барысында Бірлескен жұмыс тобы құрамына Армения мен Қырғызстан темір жол әкімшіліктерінің өкілдерін тарту көзделді. Жұмыс тобының ұсыныстары мемлекеттік құзырлы органдар мен қоғамдық орындарға, ықпалдасқан бизнес қауымдастықтарға жолданды.
Олар жұмыс тобының кезекті XV отырысын 2015 жылдың төртінші тоқсанында Белорусь республикасында өткізуге уағдаласты.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері