- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 1100-ден астам дәрігер ведомстволық марапатқа ие болды
Қазақстанда 1100-ден астам дәрігер ведомстволық марапатқа ие болды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, ұжымды кәсіби мерекесімен құттықтаған Министр Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау – өмірге келгеннен бастап қариялық шаққа дейін адам баласымен қатар жүретін жалғыз сала екенін атап көрсетті. Сондықтан, дәрігерлер қызметінің әр күнінде, әр минутында, тіпті әр секундында азаматтардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосады.
«Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласы алдына 2050 жылға қарай ел азаматтарының өмір сүру ұзақтығын 80 және одан көп жасқа жеткізу, халыққа медициналық қызмет көрсетудің бәсекеге қабілетті және тиімді жүйесін құру, медициналық туризмді дамыту сияқты ауқымды міндеттер қойды. Бұл міндеттерді абыроймен атқарып шығатынымызға сенімім мол. Ол үшін аянбай еңбек ету керек. Өйткені, жүйелі жұмыстар арқылы ғана ұлт денсаулығының әлеуетін қалыптастыру, бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін құру сияқты мақсаттарға жете аламыз»-деді Тамара Дүйсенова.
Баяндамасының қорытындысында Министр барлығына кәсіби қызметте табысқа жетуді, болашаққа сеніммен қарауды, бақ-береке, тұрақтылық және денсаулық тіледі.
Салтанатты жиын барысында ҚР ДСӘДМ-нің 18 қызметкері ведомстволық марапат алды.
Сонымен қатар шара барысында министрлік қызметкерлеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдері және «Алтын дәрігер» төсбелгісімен, «Менің Қазақстаным» поезы республикалық акциясы аясында алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара қорытындысында әкімшілік мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандар ант қабылдады.
Медициналық қызметкерлер күні қарсаңында ҚР ДСӘДМ ведомстволық марапаттарын республиканың барлық өңірінен 1135 адам алды. Оның ішінде 82 ардагер «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Тағы 1053 маман «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру