- Басты
- Жаңалықтар
- Лондонға сапар барысында Ұлыбританияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мәселесі талқыланды
Лондонға сапар барысында Ұлыбританияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мәселесі талқыланды
Сапар барысында болған кездесулердің аясында британиялық компаниялар үшін ЭКСПО-2017 көрмесінің таныстырылымы өтті және оған көрмеге қатысуға және көрме нысандарын кейінірек пайдалануға қызығушылық танытқан 70-ке жуық британиялық компаниялардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Р.Жошыбаев алдағы көрмеге кең ауқымда дайындық жүріп жатқандығын, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу шарттары және оған қатысушылар үшін жасалатын кедендік, салықтық жеңілдіктер туралы айтып өтті. Көрменің халықаралық қоғамдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отырғаны айтылды. ЭКСПО-2017-ге әлемнің 100 мемлекетінен 5 миллионға жуық адам келеді деп күтілуде.
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Т.Элвудпен кездесуі барысында екіжақты стратегиялық әріптестік пен визалық режимді жеңілдету мәселесі сөз болды. Британия тарапы ЭКСПО көрмесінің Астанада ұйымдастырылуы технологиялардың ағылып, ғылыми базаның нығайтылып, Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджінің жоғарылауына ықпал ететіні айтылды.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Р.Жошыбаев сонымен қатар британияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесіп, оларды астаналық көрме туралы шет мемлекеттерде кеңінен насихатталуына үлес қосуға шақырды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі