- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИДМ КК «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» РМҚК техникалық бақылау және сыныптау органдарының халықаралық қауымдастығының құрамына қабылданды
ҚР ИДМ КК «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» РМҚК техникалық бақылау және сыныптау органдарының халықаралық қауымдастығының құрамына қабылданды
Бұл мәселе бойынша шешім Техникалық бақылау және сыныптау органдарының халықаралық ассоциациясының Хошимин қаласында (Вьетнам) 2015 жылғы 20-22 мамыр аралығында өткен кезекті отырысында бірауыздан дауыс беру жолымен қабылданды.
Бұл ұйымның құрамына қабылдану Қазақстан кеме қатынасы тіркелімінің халықаралық талаптарға сәйкестігінің көрсеткіші және ТБСО құрамындағы шетел сыныптамалық қоғамдардың сенімін растау болып табылады.
Енді Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі кемелердің ТБСО қатысушыларының портына кірген кезде құжаттарды өзара тану кезінде кеме иелерінің жұмысын жеңілдететін, сондай-ақ кеме иелерінің кемелерді техникалық куәландыру шығындарын төмендететін кеме құжаттарының нысандарын бірыңғайлай және үйлестіре алады.
Бұдан басқа өз қызметін жетілдіреді және сыныптау, сертификаттау және техникалық бақылау саласындағы ұсынылатын қызметтердің сапасы жоғарылайды.
ТБСО құрамына кіру Қазақстан кеме қатынасының тіркеліміне ТБСО алынған халықаралық талаптармен регламенттелген тәжірибелі әзірлеулердің негізінде Қазақстанның кеме иелері пайдаланатын өзінің ережелерін, нормативтік техникалық құжаттарын және әдістемелік материалдарын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы Қазақстан кеме қатынасының тіркеліміне шетелдік порт қызметтері және шетелдік кеме иелерінің арасында кәсіби сенімге ие болуына көмектеседі.
«Техникалық бақылау және сыныптау органдарының халықаралық ассоциациясы» коммерциялық емес ұйымы 2002 жылғы 20 қыркүйекте құрылды және су көлігі саласындағы ұлттық сыныптамалық қоғамдар мен техникалық бақылау және сыныптау органдарын біріктіреді.
Бүгінгі күні ТБСО мүшелері болып келесі ұйымдар табылады: Вьетнам тіркелімі, Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі, Корея сыныптамалық қоғамы, Куба кемелер тіркелімі, Интермаритайм Сертификейшн Сервисез (Панама Республикасы), Истмус Бюро оф Шиппинг (Панама Республикасы), Ресей өзен тіркелімі, Словакия Ллойды, Украина кеме қатынасының тіркелімі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар