- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында егістік алқап 12,4 мың гектарға артты – әкімдік
Жамбыл облысында егістік алқап 12,4 мың гектарға артты – әкімдік
Әкімдік мәліметтеріне қарағанда, егіс көлемі 557,7 мың гектарды құрайды. Бүгінгі таңда 170,1 мың гектар жер айдалып, 287,3 мың гектар жер өңделіп, оның 132,8 мың гектарына жазғы дәнді дақылдар егілді. Сондай-ақ 28,4 мың гектарға көпжылдық шөп отырғызылса, 25,0 мың гектарға көкөністер, 91,5 мың гектарға майлы дақылдар егілді.
Аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапары барысында Жамбыл ауданының Бесағаш ауылындағы ауыл шаруашылығы алқаптарында болып қайтты, онда әкімге бірнеше жаңа өнімділігі жоғары қысқы дәндер мен бидай түрлері көрсетілді.
«Бүгінде гектарынан 100 центнер өнім беретін дәнді дақылдардың өнімдері көз қуантарлық, сонымен қатар бізге қазір бидайдың құрамында балауызы жоғары қатты сұрыптарын өндіру жұмыстарын іске қосқан жөн. Сонда біздің макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға дәндерді солтүстік аймақтардан жеткізудің қажеті жоқ болады»,-деді ол.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды