- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қызылорда тұрғындарына 300 пәтердің кілті табысталды
«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қызылорда тұрғындарына 300 пәтердің кілті табысталды
Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, қоныс той иелеріне кілттерін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев табыстады.
«Пәтерлердің жалпы ауданы 19 722 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйдің құрылыс құны - 1 775 млн. теңге (соның ішінде ҚР Ұлттық қоры қаражаты есебінен 87,8 млн. теңге). Аталған 300 пәтердің ішінен 225 пәтер «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша үлестірілсе, қалған 75 пәтер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың арасында үлестіріледі», - делінген хабарламада.
Аталып өткендей, «Бәйтерек» холдингінің басшысы Қ. Бишімбаев Қызылорданың «Арай» ықшам ауданында салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңына барып қайтты. Жобаны Холдингтің еншілес ұйымы – «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ (ҚИК) жүзеге асырып жатыр. Объектіні салу 2015 жылғы 26 ақпанда бастау алды. Тұрғын үй қыркүйекте тапсырылады деп күтілуде. Пәтер саны – 280, жалпы ауданы 17219,78 шаршы метр. Қазір құрылыс алаңында 288 адам жұмыс істейді, жалпы, құрылыс белгіленген жоспар шеңберінде жүріп жатыр.
««Бәйтерек» холдингі бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтың қалың топтарын баспанамен қамтамасыз ету бөлігінде «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты кезең-кезеңімен жүргізуде. Бағдарлама іске асырылғаннан бері Қазақстан облыстарының және қалаларының тұрғындары көптен күткен пәтерлерін алып жатыр. «Бәйтерек» холдингі жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысын жоғары қарқынмен жүзеге асыруда», - деді ол.
Холдинг Басшысы барып қайтқан ҚИК салып жатқан тағы бір нысан Желтоқсан көшесінде орналасқан. Бұл жалпы ауданы 4000,0 шаршы метрді құрайтын 70 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы.
Қ. Бишімбаев Қызылорда қаласының Шұғыла ықшам ауданы Шүкіров көшесі бойындағы және «СПМК-70» тұрғын ауданында көпқабатты үйлердің ірге тасын қалау рәсіміне де қатысты.
Осы объектілердің құрылысын жүргізуге Холдингтің еншілес ұйымы – «Бәйтерек девелопмент» АҚ жауапты болып табылады.
«Шүкіров көшесі бойындағы төрт бес қабатты тұрғын үйдің құрылысын 2016 жылғы сәуірде аяқтау жоспарланады. Осы нысандағы тұрғын үйдің жалпы ауданы 13 423,6 шаршы метрді (4 үй, 230 пәтер) құрайды. Бүгінгі күні «Бәйтерек девелопмент» АҚ бас мердігер – «Жабдыктау» ЖШС-мен шарт жасасты. Қазіргі сәтте нысандағы барлық дайындық жұмыстары аяқталды.
СПМК-70 ауданында бір 40 пәтерлі, үш 50 пәтерлі және үш 60 пәтерлі тұрғын үй салынатын болады. Үйлерді тапсыру мерзімі – 2016 жылғы желтоқсанға жоспарланған. Аталған объекті бойынша екі бас мердігер – «Интегрострой» ЖШС және «Техоснаска Ремсервис» ЖШС-мен шарт жасалды», - деп әкімдіктен толықтырылды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі