- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы жергілікті атқарушы органдардың қарауына 260-тан астам қызмет түрлері берілді
2014 жылы жергілікті атқарушы органдардың қарауына 260-тан астам қызмет түрлері берілді
«Стратегия-2050» бағдарламасын жүзеге асыра бастағалы тарихымызда алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау басталды. Бүгінде тұрғындармен жұмыс істейтін әкімдердің 92 пайызы сайланады. Бұл жергілікті биліктің есептілігін қамтамасыз етіп, азаматтардың жергілікті жерлердегі жағдайларға ықпалы артты. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, қазақстандықтардың жергілікті өзін өзі басқару ісіне белсенді араласуының тәжірибесі мен дәстүрлері кеңейтіліп, саяси жүйені жаңғыртуға деген тағы бір қарышты қадам жасалды»,-деді Б.Байбек.
Оның сөзінше, жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейту бағытында өткен жылдың өзінде жергілікті жерлерге 260-тан астам қызмет түрлері беріліп, өз кезегінде бұл жергілікті өкілетті орган өкілдерінің рөлін арттырды.
«Бүгінде мәслихаттар аймақтарды дамытудың барлық тетіктеріне ие, жергілікті әкімдер мен аймақтардан Сенат депутаттарына өкілдерді сайлай отырып, қалалық, аудандық және облыстық маңыздағы әкімдерді сайлауға келісімдерін бере отырып, мәслихаттар әкімдерге сенімсіздік танытуға, бюджетті бекітумен және жергілікті бағдарламалармен байланысты мәселелерді шешуге, өздеріндегі арнайы ревизиялық комиссиялар арқылы қаржының игерілуін бақылауға алуға құқылы. Елбасы саясатының нәтижесі ретінде біз азаматтардың жергілікті жерлердегі белсенділіктерінің артқандықтарын көріп отырмыз, азаматтар өздерінің құқықтарын белсенді жүзеге асыруда, өздерінің көзқарастарын айқын таныта отырып бастамашыл топтар құруда, тәуелсіз ақпарат құралдарын, әлеуметтік медиа және үкіметтік емес ұйымдар құруда»,-деді Б.Байбек.
Ботагөз Айтжанова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді