- Басты
- Жаңалықтар
- Аграрилерге АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарға ҚҚС сомасын субсидиялау тәртібі түсіндірілді
Аграрилерге АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарға ҚҚС сомасын субсидиялау тәртібі түсіндірілді
Еске сала кетейік, 2014 жылғы 28 қарашада Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды, онда өңдеу кәсіпорындары және дайындаушы ұйымдардың «бірінші ҚҚС» мәселесін шешу мақсатында, мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа түрі – АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарға ҚҚС сомасын субсидиялау енгізілді.
Қазіргі уақытта өңдеу кәсіпорындары және дайындаушы ұйымдар ҚҚС-ты толық айналымнан төлейді, себебі шикізатты ҚҚС төлеуші болып табылмайтын жеке қосалқы шаруашылықтар және шаруа/фермерлік қожалықтардан сатып алады. «Бұл өңдеушілер және дайындаушылардың соңғы өнімінің қымбаттауына әкеп соғады, тиісінше олардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан, бастапқыда аталған АӨК субъектілерін не ҚҚС төлеуден босату, не ҚҚС төмендетілген мөлшерде салу ұсынылған болатын», - делінген хабарламада.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялау қағидаларын әзірлеп, бекітті.
Қағидаларға сәйкес АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдар, яғни ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар ҚҚС бұрынғысынша жалпыға бірдей тәртіппен төлейді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен табысы жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құрау шартымен, дайындаушы ұйым бюджетке төлеген ҚҚС сомасы субсидия түрінде қайтарылатын болады.
Дайындаушы ұйымдар есептелген қосылған құн салығы шегінде ҚҚС бойынша субсидиялауды алу үшін, жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуден өтулері қажет, ол үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларына өтінішімен есепке қою үшін жүгінулері қажет.
АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу тек субсидия алу үшін қажет және басқа қызметте міндетті норма болып табылмайды.
ҚҚС сомасын субсидилауды алу үшін АӨК саласындағы аккредитттелген дайындаушы ұйымдар ауыл шаруашылығы басқармаларына жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 мамырына дейін өтінім береді.
Субсидияларды жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады. Бұл ретте, аталған бағдарлама аясында субсидияларды төлеу 2016 жылдан басталады, яғни қазіргі уақытта ірі өңдеу кәсіпорындары немесе дайындаушы бизнеске қызығушылығы барлар дайындаушы ұйымдарды құрып, аккредитеуден өтіп және аталған бағдарлама аясында 2015 жыл қорытындысы бойынша 2016 жылы субсидия алу мақсатында жұмысты бастауларына болады.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу