- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың басынан бері 36 мыңнан астам шетел азаматына Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді - ДСӘДМ
2015 жылдың басынан бері 36 мыңнан астам шетел азаматына Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді - ДСӘДМ
Олардың ішінде 2038-і бірінші санат (жетекшілер мен олардың орынбасарлары), 6411 – екінші санат (құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері) бойынша берілген. ШЖК тартуға рұқсаттың басым көпшілігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар бойынша беріліп, тиісінше олар 15 122 және 11 534 адамды құрады. Маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарына 1759 шетел азаматы тартылған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1466 жұмыс беруші бар. Оларда 398 374 Қазақстан азаматы еңбек етеді, яғни жалпы жұмыскерлері санының 92,2% құрайды.
Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер - Қытай, Түркия, Өзбекстан, Сербия және Үндістан.
Ағымдағы жылдың басынан бері ШЖК тартатын жұмыс берушілер қазақстандықтар үшін 11 083 жұмыс орнын ашып, 3279 азамат кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтті, 5298 жергілікті жұмысшы біліктілігін арттырды.
Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілеп отырады.
2015 жылы ШЖК тартуға бекітілген квота көлемі республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының жалпы санының 0,7% (шамамен 63,9 мың адам) құрады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары