Қ.Жақыпов Венгрия елшісі И.Ласлоцкимен кездесті

18 Маусым, 2015 12:21
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Имре Ласлоцкимен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Қабиболла Жақыпов елшіні Қазақстан-венгер қарым-қатынасының өркендеуіне қосқан үлесіне ризашылық білдіріп, осы жылдары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық серіктестікке жеткенін атап өтті.

Жүздесу барысында Қазақстан бүгінде – Венгрия тарапына ТМД елдері ішіндегі төртінші ірі сауда серіктесі екендігі айтылды. Экономикалық ынтымақтастыққа «Қазақстан-Венгрия» Іскерлік кеңесі және де индустрия мен инновация бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы ықпал етуде.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша парламентаралық өзара байланыс белсене түскен. Имре Ласлоцки Қазақстанмен достық қатынастардың одан ары өркендей беруінің маңызына тоқталып, өзінің дипломатиялық миссиясы аяқталғанымен Қазақстан халқының досы болып қала беретінін мәлімдеді.

 

Барлық жаңалықтар