- Басты
- Жаңалықтар
- «Боровичок» лагері Астананың балалар үйі тәрбиеленушілеріне есігін айқара ашты (ФОТО)
«Боровичок» лагері Астананың балалар үйі тәрбиеленушілеріне есігін айқара ашты (ФОТО)
««Боровичок» лагері табиғаты әсем жерде орналасқан. Демалыс кезінде балалардың таза ауада көбірек болуына және сапалы білім алып, спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Мұнда жыл сайын балалар үшін табиғатты қорғау жөнінде арнайы сабақтар өткізіледі. Қазіргі уақытта демалыс орында 134 бала демалуда. Демалыс орын тек жаз айында ғана емес, сонымен қатар, жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейді. Қыста көбіне жоғары сынып оқушылары келіп демалыстарын осы жерде өткізеді», - дейді балалар үйінің тәрбиешісі Бәтеш Смағұл.
Айта кетейік, балалар үйінің құрамына 15-20 тәрбиеленушіден тұратын 12 жанұя кіреді, мұнда балалар 4 жасынан бастап мектеп бітіргенге дейін тәрбиеленеді. Жанұялар туыстық байланыстарды ескере отырып құралған.
«Ата-анасының мейірімінсіз қалған бүлдіршіндерге қандай көмек көрсетсек те жарасады. Биылғы жылы балалар үйінің 134 тәрбиеленушісі үш маусым бойы - 1 шілдеден 31 тамызға дейін жазғы лагерьде демалатын болады. Жыл сайын мұнда келушілердің саны азайып келеді, бұл әрине қуанышты жағдай. Яғни, бұл елімізде жетімдердің саны азайып жатыр деген сөз», - деді Астана қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Эльмира Суханбердиева.
Айта кетейік, мереке аясында оқу жылы қорытындысы бойынша көзге түскен оқушылар құнды сыйлықтармен марапатталды. Мектеп түлектеріне аттестаттар мен куәліктер табысталып, мерекелік күн «Достар арасында» көңілді би кешімен аяқталды.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
1 маусым: Балалар құқығы қалай қорғалып жатыр -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары