- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада Әбділда Тәжібаевтың ескерткіші бой көтерді (Фото)
Қызылордада Әбділда Тәжібаевтың ескерткіші бой көтерді (Фото)
Өткен ғасырдың басында дүние есігін ашып, кеңестік дәуірдің барлық қиын кезеңдерін басынан кешіріп, артында өлмес әдеби мұра қалдырып кеткен қазақтың көрнекті ақыны, Сыр елінің перзенті, Қазақстанның халық жазушысы, драматург, сыншы, әдебиет, театр зерттеушісі Әбділда Тәжібаевтың төл әдебиетімізде алар орны ерекше. Ұлы ақынға қай өңірде ескерткіш қойса да жарасымды.
Ал бұл бюсттің орны бөлек. Өйткені, өзінің туған жерінде, өзінің есімімен аталатын үлкен рухани шаңырақ - облыстық кітапхананың алдына қойылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ақынды ұлықтауға арналған шарада құттықтау сөз сөйлеп, Әбділда Тәжібаевтың өнері өскелең ұрпаққа өнеге болу керек екендігін тілге тиек етті.
«Сыр топырағынан шыққан жарық жұлдыздарымызды ұлықтап, оларға лайықты құрмет көрсету – біздің перзенттік парызымыз. Бұл ескерткіштің Қызылорданың көркіне көрік қосып, жастарымыздың бойына патриоттық сезім беретін рухани орынға айналатынына сенеміз. Әбділда Тәжібаевтың жалынды жырлары жыл өткен сайын одан әрі асқақтап жастарды өрлікке, биіктікке шақырып, теңіз тереңіндегі маржандай жарқырай беретіні сөзсіз», - деді облыс әкімі. Ұрпағы Зифа Әбділдақызы да әкесі жайлы естеліктер айтып, жерлестеріне көрсетіп жатқан құрметтері үшін алғысын жеткізді.
Шара соңында қонақтар ақын шығармашылығына арналған «Жұлдыз шашқан жырлар» атты Тәжібаев оқуын, сондай-ақ «Ұлттық поэзия бәйтерегі» атты кітап көрмесін тамашалап, ақын мұражайымен танысты.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе