- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылға дейін ТКМК дамыту үшін 7 млрд долларға 27 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қарастырылған -А.Рау
2018 жылға дейін ТКМК дамыту үшін 7 млрд долларға 27 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қарастырылған -А.Рау
«ҮИИДМБ табысты аяқтадық, мұны Елбасының берген жоғары бағасы мен нақты сандар, жүзеге асырылған жобалар дәлелдейді. Біз екінші бесжылдықты табысты жүзеге асырудың іргетасын қаладық. ИИДМБ ауқымы 6 салаға дейін қысқартылды. Түрлі түсті және қара металлургия олар еліміз үшін басымдылық берілген екі басты сала болып қала бермек», - деді А.Рау Астанадағы Тау-кен металлургияның VI-шы халықаралық конгресі барысында.
Вице-министрдің айтуынша, саланы дамыту бойынша міндеттер мен жаңа мақсаттар түзетілетін болады.
«Елбасының тапсырмасы бойынша 2014-2018 жылдар аралығында тау-кен металлургия кешенін дамыту жоспары жасақталды. Шикізатсыз қара, я болмаса түрлі-түсті металлургия дамымайды. Жоспар металлургияның шикізат базасын алдын-ала дамытуға бағытталған. Нормативті құқықтық базаны және жер қойнауын пайдалану құқығын беру жүйесін жетілдіру, геологиялық барлау жұмыстарын дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен халықаралық серіктестік қарастырылған. Жоспарды ҚР Үкіметі бекітті және осы жылдан бастап жүзеге асыра бастады», - деп атап өтті А.Рау.
Оның айтуынша, жоспарда 7 млрд долларға 27 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қарастырылған, олар 2014-2018 жылдар аралығында тау-кен металлургия кешенін дамыту жоспары аясында кәсіпорындардың өздері қарызға алған қаржысына жүзеге асырылады
Ботагөз Айтжанова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет