• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында 2015 жылы қуаты жылына 20 мың тонна өнім шығаратын құс фабрикасы ашылады

Ақмола облысында 2015 жылы қуаты жылына 20 мың тонна өнім шығаратын құс фабрикасы ашылады

18 Маусым, 2015 11:06
Астана маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасына байланысты Ақмола облысының Целиноград ауданында қуаты жылына 20 мың тоннаны құрайтын ет бағытындағы бройлер құсы фабрикасы ашылады, деп хабарлады әкімнің орынбасары Дәурен Әділбеков аппарат кеңесінің мәжілісінде.

Оның сөзінше, 2015 жылы тағы 12 жоба жүзеге асырылады. Олардың бірі Шортанды ауданындағы дәнді терең өңдеуге арналған зауыт құрылысы болса, ендігісі Алакөл ауданында салынатын өндіріс қуаты жылына 2 мың 200 тонна болатын жылыжай құрылысы. Мал шаруашылығы саласында  мал төлдететін шаруашылық болады. Мысалы Атбасар ауданында 5 мың мүйізді ірі қараға арналған жоба іске асырылуда, сонымен қатар Степногорск қаласында жылыжай кешенін кеңейту жоспарлануда. Астана маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту жобасы бойынша, биылғы жылы құны 38,4 млрд теңге болатын 13 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.      

Сондай-ақ осы мәселеге байланысты таратылған ақпараттар бойынша, биылғы жылдың 5 айында облыстың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер елорда нарығына 16,4 мың тонна сүт өнімдерін, 5,1 мың тонна ет өнімдерін, 65,5 миллион дана жұмыртқа жеткізілген. Бұған қоса, «Аймақтарды 202 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында сумен қамтамасыз ету мен су бөлу жүйесі бойынша 9 жобаны жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен 3,3 миллиард теңге бөлінген.

 

Барлық жаңалықтар