- Басты
- Жаңалықтар
- Ливанда бес институционалды реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспары талқыланды – ҚР СІМ
Ливанда бес институционалды реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспары талқыланды – ҚР СІМ
«Баспасөз конференциясына Ливандағы бірқатар көрнекті саяси және іскерлік топтарының қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.
Іс-шара басталар алдында ҚР Ливандағы Сенімді өкілі Дәулет Ембердиев Ливанның «ТелеЛибан» орталық теледидар арнасына 5 институционалдық реформа жөнінде сұхбат берді.
Д. Ембердиев Ұлт жоспары Қазақстанның қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне жауабы болып табылатынын және оның іске асырылуы алдағы 10-15 жылда әлемнің едәуір дамыған 30 мемлекеттердің қатарына кіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Баспасөз конференциясының қонақтары Қазақстанда жоспарланған реформаларға жоғары баға берді. Атап айтқанда, Ливанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жалпы синдикатының Президенті Арслан Синно қазіргі жағдайларда осы реформалардың уақытылы өткізілуін ерекше атап өтіп, олардың арқасында Қазақстан өз дамуының түбегейлі жаңа деңгейіне шығатындығына сенім білдірді.
Ливан Олимпиадалық комитеті президентінің орынбасары Мазен Рамадан осы реформалардың өзектілігі мен көрегендігін атап өтті.
Ливанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының орынбасары Ниссрин Машмуши Ливандағы мемлекеттік қызмет институтын дамыту үшін қолдануға болатын бірінші реформаның көптеген тармақтарын өзіне белгілеп алғандығын мәлімдеді.
Тілшілердің жұмыстарын жеңілдету мақсатында Дипмисиямен Ұлт жоспарының мәтіні ағылшын және араб тілдерінде дайындалып үлестірмелі материалдар түрінде таратылды. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 тақырыбындағы материалдар да таратылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі