- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Тоқаев: Қазақстан мен Беларусь парламентшілері ТМД, ҰҚШҰ парламентаралық ассамблеялары аясында ынтымақтастық жүргізуде
Қ. Тоқаев: Қазақстан мен Беларусь парламентшілері ТМД, ҰҚШҰ парламентаралық ассамблеялары аясында ынтымақтастық жүргізуде
Қ.Тоқаевтың пікірінше, Беларусь парламентшілерінің сапары екі ел арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Сенат Төрағасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысқаны, форумда Қазақстанға және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына білдірген ыстық ықыласы үшін беларусьтік әріптесіне ризашылық білдірді. Сенат Төрағасы Елбасы ұсынған бес институттық реформалар негізінде Қазақстан іргелі өзгерістер қарсаңында тұрғанын атап өтті.
«Қ.Тоқаев Қазақстан мен Беларусь парламентшілері екіжақты деңгейде ғана емес, сондай-ақ ТМД, ҰҚШҰ және басқа да ұйымдардың парламентаралық ассамблеялары аясында жемісті іс-қимыл жүзеге асып келе жатқанын ықыласпен атап өтті. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметі де депутаттар тарапынан тиісті қолдауды талап етеді», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде, В.Андрейченко Беларусь Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалайтынын және еліміздің халықаралық аренадағы беделі арта түскеніне қуанышты екенін атап өтті. Мәртебелі мейман парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, сондай-ақ екі елдің өңірлері арасындағы байланыстарды өрістету туралы ойларын ортаға салды. Осыған байланысты, Беларусь Парламентінің Өкілдер палатасының төрағасы жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті жерлердегі өкiлдi және атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған Беларусь реформалары туралы әңгімеледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда