• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенаттың комитетінде мақта саласын дамыту және өсімдіктер карантині туралы заңжобалары қарастырылды

Сенаттың комитетінде мақта саласын дамыту және өсімдіктер карантині туралы заңжобалары қарастырылды

17 Маусым, 2015 19:13
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысының бірінші оқылымында «Мақта саласын дамыту бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарастырылды.

Құжат еліміздегі мақта өндірісін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында жасақталды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Заңжобасында ҚР-ның «Мақта саласын дамыту туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде. Олар заңда көрсетілген мақтаны өңдеу ұйымдарының кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіретін барлық шектеулерді алып тастауды көздейді.

Бұдан басқа, сенаторлар «Өсімдіктерді карантиндеу туралы» Қазақстан республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасын қарастырды.

Аталмыш заң жобасын қабылдау өсімдіктерді карантиндеу саласындағы қызметтің тиімділігін арттырып, фитосанитария қауіпсіздігі саласындағы құқықбұзушылықтарды азайтады. Сонымен қатар, аталмыш саладағы  ұлттық заңнама халықаралық талаптарға сәйкестендіріледі.

Құжаттар палатаның қарауына жіберілді. 

Барлық жаңалықтар