Нью-Дели қаласында В.Школьник Қазақстан-Үндістан ҮАК отырысын өткізді

17 Маусым, 2015 19:31
Школьниктің төрағалық етуімен Нью-Дели қаласында (Үндістан Республикасы) қазақстан-үнді сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысы өтуде, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

Бұл кездесу, ерекше мәнге ие себебі ү.ж. шілде айында  Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Н. Модидің Қазақстанға ресми сапары қарсаңында өткізіліп отыр.

Қазақ-Үнді үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 12-ші отырысы күн тәртібіндеекі жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында энергетика саласында жәнеатом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, азаматтық авиация, ауылшаруашылық және туризм, өнеркәсіп саласында ынтымақтастықты дамыту және әскери-техникалық саласында, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, сондай-ақ, ғылым мен технология салалары бойынша мәселелер талқыланатын болады.

Кездесу соңында қол жеткізілген келісімдер бойынша ҮАК хаттамаға қол қою жоспарланып отыр.

 

 

Барлық жаңалықтар