- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қатар бейбітшілік пен өркендеу жолында ынтымақтастықты күшейтуге мүдделі
Қазақстан мен Қатар бейбітшілік пен өркендеу жолында ынтымақтастықты күшейтуге мүдделі
Тараптар саяси диалогты одан әрі тереңдету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады.
Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидың 2014 жылы Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарға, сондай-ақ Қазақстан-Қатар бірлескен инвестициялық қорын құру мен мемлекеттер арасындағы тікелей әуе қатынасын орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Қатар министрі сапарының маңызды мақсаттарының бірі ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қатарға үстіміздегі жылдың қазан айында жауап сапарының сапалы даярлығы екенін атап өтті.
«Біз шейх Тамим бен Хамад Әл Танидың сапары барысында жариялаған Астана қаласында мектеп салу жобасын қаржыландыру ниеті үшін алғысымызды білдіреміз. Берілген жоба аясында Астана Әкімшілігі мен Қатар даму қоры арасында нақтылы жұмыстар атқарыла бастады», – деп атап өтті Е. Ыдырысов.
Қатар Әмірі сапарының қорытындылары бойынша, сонымен бірге Семей қаласында ядролық полигон сынақтарынан зардап шеккендерге арналған оңалту орталығының құрылысына Қатар тарапының қатысуы туралы шешімге қол жеткізілді және қазіргі таңда Н. Назарбаевтың Мәдени, білім беру және әлеуметтік бағдарламалары қоры мен Қатар даму қоры арасында тиісті құжаттаманы даярлау үдерісі жүзеге асуда.
Сонымен бірге, халықаралық өзекті мәселелер, атап айтқанда, Таяу Шығыс мәселесін реттеу, Ирак, Либия, Сирия және Йемендегі ахуалға, сондай-ақ Украина дағдарысына қатысты өзара сенімді пікір алмасу орын алды. Дағдарысты шешу жолында мүдделі тараптардың ұжымдық күш-жігерінің қажеттілігі атап өтілді.
«Қазақстан мен Қатар тек бейбітшілік сүйгіш емес, сонымен қатар, бітімгершілік мемлекеттер», – деп атап өтті Қатар СІМ басшысы министрлер келіссөздерінің нәтижесіндегі баспасөз маслихаты барысында.
Тараптар БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ секілді халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде екі ел ықпалдасуын оң бағалады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары