• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Жаңбыршин: Үкімет пен ҚР меморгандары Есеп комитеті ұсыныстарының 90 пайызын орындады

Қ.Жаңбыршин: Үкімет пен ҚР меморгандары Есеп комитеті ұсыныстарының 90 пайызын орындады

17 Маусым, 2015 16:51
Есеп комитеті 2014 жылдың республикалық бюджетін орындау қорытындысы бойынша Үкімет пен меморгандарға бірқатар ұсыныстар дайындады, оның 90 пайызы орындалды, деді Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Есеп комитеті 2014 жылдың республикалық бюджетін орындау бойынша  Үкімент пен мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындады, олардың 90 пайызы бүгінде орындалды. Олар республикалық бюджеттің дамуына, жетілуіне бағытталған», - деді Қ.Жаңбыршин.

Есеп комитеті төрағасының айтуынша, 90 пайыз ұсыныс бүгінде орындалған.

«Үкімет пен мемлекеттік органдарға 68 ұсыныс пен 224 тапсырма берілді, олардың орындалуы 96 және 90 пайыз деңгейінде. Шетелдік қаржы органдарының көрсеткіші бойынша, бұл көрсеткіш жаман емес», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

 

Барлық жаңалықтар