- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан тарихшылары тарих ғылымын дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасамақ
Қазақстан тарихшылары тарих ғылымын дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасамақ
Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі жұмыс тобының соңғы отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тажин бұл саладағы бірқатар кемшін тұстарға ерекше тоқталып, Білім және ғылым министрлігіне ұлттық тарих пен қазіргі заманғы тарихтан базалық екі оқулық дайындауды жүктеген еді. Ондағы мақсат - оқулықтардағы біржақтылықты жойып, оларды соңғы жылдардағы ғылыми жаңалықтармен толықтыру.
Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
- Ұлттық тарих, ұлттың тарихи тұлғалары көп еске алынбай қалды, соларды біз қайта қарауымыз керек. Әсіресе, ұлттық генезис қазақ деген халық қайдан басталып, қандай кезеңдерден өтіп, қалай қалыптасты. Бұл тек XV ғасырдың құбылысы емес, біздің эрамызға дейінгі сақ, ғұн дәуірінен жалғасып отырып, бүгінге дейін келе жатқан динамикалық құбылыс.
Қазақстан тарихына байланысты деректерді зерттеу үшін бір топ мамандар Иран, Қытай, Ұлыбритания сияқты бірқатар елдердің мұрағаттарына аттанды. Ғылыми жұмыстарға еңбеген тың деректер отандық мұрағаттарда да жетерлік. Оларды жарыққа шығару жұмыстары да жедел қолға алынбақ. Ғалымдардың пікірінше, бұл келелі істі жүзеге асыру үшін бірінші кезекте мемлекет мамандар даярлау ісіне көңіл бөлу керек.
Хангелді ӘБЖАНОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Айталық, орта ғасырлар, ежелгі дәуірлердің тілдерін білетін тарихшылар бізде жоқтың қасы. Ал біз араб, парсы деректерін, антикалық деректерді қалай пайдаланамыз осыны білмей. Өте күрделі мәселе антропологтарға байланысты қалыптасып отыр. Қазақстанда қазір үш-төрт-ақ антрополог қалды. Алды 80-нен асып кетті. Осы мәселені қолға алмаса, Қазақстанда ғылымымыз антропологтарсыз қалып қоюы мүмкін. ДНК-сыз орта ғасырдың тарихын жазам деу бекершілік.
Мемлекет жүктеген жаңа міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан тарихының жаңа тұжырымдамасын даярлау керек. Бүгінгі басқосуда ғалымдар күзде қабылданатын осынау құжатқа қатысты ойларымен бөлісті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады