- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жазғы демалыс лагері ашылды (ФОТО)
ШҚО-да «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жазғы демалыс лагері ашылды (ФОТО)
Демалыс орнының ашылу рәсімі салтанатты жиын мен туды көтеру рәсімінен басталды. «Сіздер биылғы демалыстарыңызды облыстың табиғаты ең әсем аймақтарының бірінде өткізесіздер. Мұнда сіздер жаңа достар тауып, денсаулықтарыңызды нығайтасыздар. Облыс басшылығы сіздердің демалып, келесі оқу жылына дайын болуларыңыз үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырды»,-деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Демалыс орнының ашылуына орай ұйымдастырылған концертте «Үміт» балалар үйінің жас дарындары мен «X-фактор» шоуының жеңімпазы, «Үміт» балалар үйінің бұрынғы оқушысы Евгений Выблов өнер көрсетті. Ал, алматылық «Алтын ұя» үйінен келген жасөспірімдер өздерінің жаңа достары үшін ашық-жарқын етіп, салынған әсерлі суреттерін сыйға тартты. Кешкісін балалар үлкен алауды айнала отырып, ән айтып, би биледі.
ШҚО білім басқармасының хабарлауынша, ШҚО мен Алматы қаласының арасында қол қойылған меморандум аясында «Патша алқабы» балалар лагерінде жазғы 3 ай демалыста Алматы қаласындағы «Алтын ұя» мектебінің 90 тәрбиеленушісі демалатын болады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды