Б. Сағынтаев: Қазақстанның ЖІӨ-дегі ТКМК үлесі 19%-ға жуық шаманы құрады

17 Маусым, 2015 16:19
Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 19%-ға жуығы тау-кен металлургия кешеніне тиесілі, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанадағы Тау-кен металлургияның «Astana Mining & Metallurgy» VI-шы халықаралық конгресі барысында.

«Конгресс  ел экономикасының шешуші салаларының бірі болып табылатын ТКМК саласында маңызды мәселелерді шешуге арналған ірі халықаралық алаң. Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 19%-ға жуығы тау-кен металлургия кешеніне тиесілі. Саланың кәсіпорындарында 300 мың адам жұмыс істейді.

Соңғы кездегі әлемдік экономикадағы жағдайлардың, яғни металл нарығының нашарлауына, экспорт нарықтарының азаюына, валюта бағамының құбылмалылығына байланысты Қазақстанда отандық металлургия өнімінің бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалу бойынша шаралар қабылдануда. Біз 2010-2014 жж арналған ҮИИДМБ жүзеге асырып қойдық. Нәтижесінде тау-кен металлургия саласында 60 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 2,5 млн доллардың өнімі өндірілді және 16 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылы тағы алты жобаны іске қосуды көздеп отырмыз», – деді Б. Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары атап өткендей, ҚР Президенті экономиканы әртараптандыруды жалғастыру мақсатында 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ бекітті, оның аясында қара және түрлі түсті металлургия саласына басымдылық берілген.

«Бағдарламадағы метталлургия бөлімінің басты мақсаты қолданыстағы қуаттылықтарды арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігін арттыру және ішкі нарық пен экспорт қажеттілігін қанағаттандыру», – деді Б. Сағынтаев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар