- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Оңтүстік Корея ШҚО-да жаңа полиметалл кен орнын анықтауда бірлесіп жұмыс істейді
Қазақстан мен Оңтүстік Корея ШҚО-да жаңа полиметалл кен орнын анықтауда бірлесіп жұмыс істейді
Меморандум Шығыс Қазақстан облысындағы Новокрестьянск және Черкасовск учаскелерінде полиметаллды барлау бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыруда серіктестікті көздейді.
«Ағымдағы жылы біз Қарағанды облысында «Дүйсембай» полиметалл кені учаскесін барлау» жобасы бойынша геологиялық барлау жұмыстарын бастаймыз», - деді «Қазгелогия» АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов.
«Korea Resources Corporation» оңтүстік кореялық корпорациясының вице-презмденті Шин Ким Хымның айтуынша, оңтүстік кореялық корпорация алдағы үш жылда тағы 2 млн долларды инвестициялауды жоспарлауда.
«Біздің компания мен «Қазгеология» екі жобаны жүзеге асыруды жоспарлар отыр. Ол біз үшін қаншалықты маңызды болса, қазақстандық тарап үшін де соншалықты маңызды. Бұл Қазақстанмен металлургия саласында одан ары серіктестікті білдіреді. Қазақстан біз үшін өте маңызды серіктес және біз Қазақтсанмен жұмыс істеу мүмкіндігін іздестіреміз. Мен ҚР Үкіметі бұдан да үлкен қолдау көрсетеді және біздің жұмысымызға қызығушылық танытады деген үміттемін», - деді «Korea Resources Corporation» вице-президенті.
Корпорация қызметінің басым бөлігі Корея Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде пайдалы қазбалар кенорындарын барлау. Бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяның ұлттық корпорациясы 36 жоба бойынша бүкіл әлемде жұмыс істеуде.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет