- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Катар Мемлекетінің сыртқы істер министрімен кездесті
Елбасы Катар Мемлекетінің сыртқы істер министрімен кездесті
Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Катардың қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
«Сіздің сапарыңыз ынтымақтастығымыздың деңгейін одан әрі көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін. Катар біздің елордамыздың құрылысына, соның ішінде «Нұр Астана» мешітінің құрылысына жәрдем етті. Сонымен қатар Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен жандар үшін Семей қаласында салу жоспарланған сауықтыру орталығының құрылысына жасалған көмекке ризашылық білдіргім келеді», – деді Мемлекет басшысы.
Бұл жоба Н.Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры мен Катар даму қорының өзара ықпалдастығы негізінде жүзеге асырылуда.
Халед әл-Атыя өз кезегінде Катар Әмірінің сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық одан әрі нығая береді деп үміттенетінін білдірді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді