• Басты
  • Жаңалықтар
  • Экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты алдағы 3 жылға арналған бюджет күрделі болмақ– ҚР Премьер-Министр

Экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты алдағы 3 жылға арналған бюджет күрделі болмақ– ҚР Премьер-Министр

17 Маусым, 2015 15:18
Экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты алдағы 3 жылға арналған бюджет оңай болмайын деп тұр, деді Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

«Біз қазір алдағы үш жылға арналған бюджетті дайындап жатырмыз. Бұл әдеттегі бюджет емес, ол экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты осыған дейінгілерінен басқаша болады. Қазір бұл іспен қосымша комиссия айналысуда. Біз жақын күндерде Мемлекет басшысына «100 қадам» Ұлт жоспарының аясында енгізілуі тиіс өзгерістерді енгізетін боламыз, ал қыркүйекте 2015 жылдың соңына дейін енгізілетін заңнамалық өзгерістерді ұсынамыз»,-деді Премьер-Министр.  

К.Мәсімовтың айтуынша, комиссия өте қарқынды жұмыс істеп жатыр, оның құрамында Мәжіліс пен Сенат депутаттары бар. «Егер қандай да бір сауалдарыңыз бар болса, өздеріңіздің өкілдеріңіз арқылы комиссияның жұмысына ұсынуды сұраймыз, өйткені өзгерістер ауқымды, олар бізге Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындап, әлемде және еліміздің ішінде болып жатқан оқиғаларға жауап беруге мүмкіндік жасайды.

Индира Кауметова

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар