- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Беларусь парламентарилердің ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды
Қазақстан мен Беларусь парламентарилердің ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды
Кездесу иелерінің атап өткеніндей, екі ел басшылары ықпалының нәтижесінде Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатқа ие болды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 750 млн. доллардан асты.
«Қазіргі уақытта кен және шахта техникаларын, тракторларды, астық және астық жинау комбайндарын басқа да техникаларды құрастыруға бағытталған қазақстандық-беларустық бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Бұл ретте тараптар барлық салада ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттілігіне тоқталды. Осыған орай, жалпы өзара тиімді байланысты күшейтуде қос мемлекет парламенттерінің ықпалы зор болмақ», - делінген хабарламада.
Сондықтан, Мәжіліс пен Палата өкілдерінің арасында қол қойылып отырған бүгінгі Келісім парламентаралық қатынастың тереңдеуіне тың серпін береді. Қабиболла Жақыпов: -Келісім екіжақты, сондай-ақ, көпжақты форматта парламентаралық қарым-қатынастың болашағы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады, бұл екі мемлекеттің игілігіне қызмет ететін болады,-деп атап өтті.
Өкілдер Палатасының Төрағасы Владимир Андрейченко екі мемлекет арасындағы өзара сенім мен сыйластыққа негізделген саяси, дипломатиялық, парламентаралық байланыстың бүгінгі күні жоғары деңгейде дамып келе жатқанын алға тарта келіп: -Келісімге қол қоя отырып, біз саясат, сауда-экономикалық, салаларда, келісім-құқықтық базаны жетілдіруде, аймақтық ынтымақтастық бағытында әріптестікті одан әрі тереңдетуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін барлық жағдай жасалған,-деді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары