- Басты
- Жаңалықтар
- Т. Дүйсенова: 2015 жылы алғашқы медициналық көмек көрсету ісіне жеке меншіктегі ұйымдардың араласуы 17 пайызға артты
Т. Дүйсенова: 2015 жылы алғашқы медициналық көмек көрсету ісіне жеке меншіктегі ұйымдардың араласуы 17 пайызға артты
«Медициналық көмекті қаржыландырудың жаңа нормативтерін қолданудың негізгі нәтижелерін біз 2014 жылға дейін барлық облыстарда бірдей еткенбіз. Алғашқы медициналық көмек нақты аймақтың мүмкіндіктеріне қарай қаржыландырылады және барлық медициналық мекемелер бірдей көлемде қаржыландыруға мүмкіндік алды. Қаржыландыру көлемі артқан соң, әрине ынталандыру жүйесі енгізілді, өз кезегінде аталған шаралар медицина саласында жалақының өсуіне алып келді»,-деді министр.
Оның сөзінше, бұл тәсіл аймақтарға мамандарды тартуға ықпал етеді. «Бұрын жеке сектор бұл іске тартылмайтын, биылғы жылы оларды алғашқы медициналық көмек ісіне тарту 17 пайызға артты. Біз бұл жағдайдың бәсекелестіктің артуына ықпал етіп, артынша, көрсетілетін көмектердің сапасын арттыруға ықпал етеді деген ойдамыз»,-деді Т.Дүйсенова.
Сонымен қатар, ол үкіметтің денсаулық сақтау саласына жаңа технологиялардың енгізілуін қолдап отырғандығын атап өтті.
«Еліміздің аймақтарында мамандар жетіспейді, алайда бүтіндей алғанда үкіметтің денсаулық сақтау саласына жаңа технологиялардың енгізілуін қолдап отырғандығын атап өту керек. Сонымен қатар, «100 қадам» Ұлт жоспарында да жеке секторды медицина саласы мен медицина мекемелерін басқаруға тарту мәселесі қарастырылған»,-деп түсіндірді министр.
Бұған қоса ол дәрі-дәрмек препараттарына деген шекті бағалар белгіленгендігін айтты.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады