ҚР Парламенті 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін жұмысын ұзартады

17 Маусым, 2015 13:58
ҚР Парламенті палаталарының депутаттары жұмыстарын 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін ұзарту туралы қаулы қабылданды.

«Қазіргі таңда Парламент алдында өте ауқымды жұмыс тұр, ол өз кезегінде бізден өзге мемлекеттік органдармен үйлестірілген қызметті қажет етеді,осы орайда біз Парламент жұмысын 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов.

Айта кетерлігі, төртінші сессиясының ашылу салтанатында Елбасы Н.Назарбаев депутаттарға өз демалыстарын қысқартуды ұсынған болатын.

«Мен сіздерден сұрайтын өтінішім бар еді: депутаттық демалыстың қысқарту мүмкіндігін қарастыру. XXI сынақтары мемлекеттік биліктің барлық институттарының белсенді жұмыс істеуін  талап етеді. Біз барлығымыз – мен, Үкімет, Президент Әкіишілігі, атқарушы органдар – күн сайын белсенді түрде жұмыс істейміз», - деді Елбасы.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар