- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИДМ Қазақтанда қазба байлықтары және табиғи байлықтарды пайдалану туралы кодекстің жеке болғанын қолдайды
ҚР ИДМ Қазақтанда қазба байлықтары және табиғи байлықтарды пайдалану туралы кодекстің жеке болғанын қолдайды
«Қазақстанда екі ірі сала бар, тау-кен мателургия және мұнай. Мұнджай елге екі құжат немесе екі кодекс қажет шығар, бәлкім мұнай туралы кодекс пен заң қажет. Алайда бұл принципті мәселе. Индустриялар және даму министрлігі Қазақстанда тау-кен кодексінің болуын қолдайды. Бұл инвесторларды тарту үшін және көптеген мәселелерге басқа қырынан қарау үшін маңызды. Кодексті нақты, түсінікті аппарат болуы керек, сонымен қатар, бірінші өңдеу, жер қойнауын пайдалану операциялары, жер қойнауын геологиялық зерттеу, байыту, кезекті кезеңдер сияқты түсініктер боулы қажет. Бұл түсініктердің нақты көрсетілмеуіне байланысты салық органдарымен ылғи да түсінбеушіліктер, талас-тартыстар туындап отырады»,-деді Н.Радостовец.
Оның сөзінше, тау-кен кодексі Үкіметтің қарауына тамыз айында жіберілуі керек, ал қыркүйекте оны Парламент талқылауы қажет.
«Тағы бір мәселе жер қойнауын пайдалану саласындағы келесі келісімнің шарттарына байланысты. Біз министрлік тарапынан көптеген кен орындарына деген лицензия енгізу тәжірибесін қолдаймыз, алайда ол ерекше ірі жобаларға қатысты болуы керек. Біз келісімшарттарға қол қоюды алдан ала қарастыруды сұраймыз, өйткені бұл үлкен ақшаға байланысты мәселе және инвесторлар оны жеделдетіп жасауды сұрайды. Бұл ірі компаниялардың өтініштері. Жер қойнауын пайдаланудағы тұрақтылық туралы айта келе, инвестициялардың нақты өтуі мен жер қойнауын пайдалану шартарына қажетті салық режимі тұрақты болуы маңызды. Егер лицензия бар болса, келісімшарт та бар. Әдетте бұл ұзақ уақытты қажет ететін мәселе»,-деді Н.Радостовец.
Оның сөзінше, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының кеңестеріне арқа сүйей отырып, мемлекеттің жер қойнауын пайдалану мен нысандардың берілетін құқықтарын алу басымдықтарын жою қажет. Бұл ретте жалпы рұқсат бьеру режимінің сақталғаны жөн.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар