DJ Alex Gaudino, «Сплин» және «Uma2rman» Елорда күнінде өнер көрсетеді

17 Маусым, 2015 12:49
Елорда күніне орай Астанада 4-6 шілдеде өтетін заманауи музыка фестивалінде DJ Alex Gaudino және «Сплин» , «Uma2rman» топтары өнер көрсетеді, деді ОКҚ брифингінде «Астиана қаласы мәдениет басқармасы» МБ жетекшісі Болат Мажағұлов.

«Мерекелік күндері «Астана Арена» алдындағы  алаңда тұңғыш рет қазіргі заманғы әндер фестивалі өтеді. Бірінші күні электронды музыканың ірі фестивалі өтеді, онда атақты әлем диджейлары қала тұрғындарына өнер көрсетеді. Кештің өзегі әлемнің ең үздік диджейлерінің бірі DJ Alex Gaudino болмақ. Фестивальдің екінші күні қазақстандық, ресейлік және шетелдік рэп орындаушылары қатысады», - деді Б.Мажағұлов.

Оның айтуынша, фестивальдің соңғы күні атақты рок топтары өнер көрсетеді.

«Соңғы күні шараны рок-фестиваль жобасы  аяқтайды, оған қазақстандық «Motor-Roller», «ЗеРКало» рок топтары қатысады. Кештің шарықтау шегі «Сплин» мен «Uma2rman» топтары болмақ», - деді ол.

Айта кетерлігі, қазіргі заманғы фестивальға келушілерге кіру тегін.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

Барлық жаңалықтар