• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан БҰҰ-ның Женевада иеменаралық консультацияларын ұйымдастыруын қолдайды – СІМ

Қазақстан БҰҰ-ның Женевада иеменаралық консультацияларын ұйымдастыруын қолдайды – СІМ

17 Маусым, 2015 15:49
2015 жылдың 15-маусымында Джидда қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Ислам ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің Йемендегі жағдайы бойынша төтенше сессиясы өтті. Аталмыш шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов бастаған қазақстандық делегация қатысты.

Мәжілісте алғашқы болып, Йемен Президенті Абд-Раббу Мансур Хади сөйлеп, жиналғандарды елдегі қалыптасқан жағдаймен және Йемен қақтығысын реттеумен байланысты қолға алынып жатқан шаралардан хабардар етті. 

«Жиынға қатысушылар Йемендегі әскери-саяси дағдарысты талқылап, осы елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты жәйттарды талқылады. Олар бейбітшілік пен тұрақтылықты жедел орнату мен Йемендегі түрлі күштердің арасында БҰҰ ҚК 2216 резолюциясы мен өзге де халықаралық бастамалар негізінде келіссөздерді іске қосуды бірауыздан қолдады»,-делінген хабарламада.

Мәжілісте Йеменде қалыптасқан жағдайға қатысты Қазақстанның көзқарасын жеткізген А.Мусинов жағдайдың бейбіт шешім қабылдау мен территориялық тұтастықты сақтау, заң үстемдігі жағдайында бұл іске мүдделі барлық тараптардың қатысуымен диалог негізінде шешілуі қажеттігін айтты. Қазақстан БҰҰ-ның Женевада иеменаралық консультацияларын ұйымдастыру мен ИЫҰ мен өзге де халықаралық ұйымдар аясында Йеменге гуманитарлық көмек көрсетуді қолдап отыр.  

 

 

 

Барлық жаңалықтар