К. Мәсімов: Қашаған 2017 жылдан бастап табыс әкеледі деген үміттеміз

17 Маусым, 2015 12:24
Үкімет Қашаған 2017 жылдың қаңтарынан бастап табыс әкеледі деген ойда, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгінгі Парламент Палаталарының бірлескен отырысында.

«Біздің келісім бойынша құбыр бойынша олқылықтын орнын толтыруға кетін шығын қайтарылмайды, яғни мемлекет концорциумға құбырды ауыстыруға кеткен шығынды өтемейді. Оны компания өзі төлейді. Тағы бір айта кетерлік жайт, құбырларды алмастыру жұмыстары 2016 жылдың соңына қарай аяқталады», - деді К.Мәсімов.

К.Мәсімов атап өткендей, осылайша Үкімет Қашағанның 2016 жылдың аяғында  2017 жылдың басында іске қосылатынына иек артып отыр.

«Біз Қашағанның 2016 жылдың аяғында  2017 жылдың басында іске қосылатынына иек артып отырмыз, яғни біз оның табыстарына 2017 жылдың қаңтарынан бастап дәмеліміз», - деп мәлімдеді ҚР Үкіметінің басшысы.

Бұдан басқа, К.Мәсімов атап өткендей, Қазақстанның  ЭСДҰ-ға кіруіне байланысты еліміздің заңнамасын кей салалар бойынша ЭСДҰ елдерінің заңнамасымен сәйкестендіру керек.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар