Астанада елорда күніне орай алғаш рет «Astana Art fest» фестивалі өтеді

17 Маусым, 2015 12:11
Елорда күніне орай 4—6 маусым аралығында алғаш рет «Astana Art fest» фестивалі өтеді және ол түрлі ғылым мен өнерді ұштастырады, деді «Астана қаласының мәдениет басқарасы» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Болат Мажағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде.

«4-6 маусым аралығында жасыл-сулы алаңда «Astana Art fest» атты кең ауқымды шара алғаш реті ұйымдастырылады. Ол өнер, сәулет, дизайн мен технология салаларын ұштастыратын болады. Бұл ғылыми, техникалық және мәдени прогрестің ынтымақтастығының үлгісі»,-деді Б.Мажағұлов.  

Оның сөзінше, фестивальдің басты мақсаты – өнердің түрлі бағыттарының өкілдерін біріктіру.  

«Асфальтқа салынатын 3 қатарлы суреттер Астана мен оның футуристикалық ғимараттарымен бірге елорданың болашағын елестетін болады. Ал теңдессіз театрландырылған аквариум ешкімді бей-жай қалдырмайды. Кең ауқымдағы жұмыстар балалармен қатар олардың ата-аналарын да қуанышқа бөлейді. Басты мақсат – өнердің түрлі бағыттарының өкілдерінің басын қосу, өйткені фестиваль суретші немесе, әртістер мен музыканттардың арасына ешқандай шектеу қоймайды»,-деп түсіндірді мекеме жетекшісі.     

Айта кетейік, Астана күні ресми түрде 4- маусым күні Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне басталады.   

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар