• Басты
  • Жаңалықтар
  • Моноқалалармен жұмыс істеу бағдарламасы қайта қаралады – ҚР Премьер-Министрі

Моноқалалармен жұмыс істеу бағдарламасы қайта қаралады – ҚР Премьер-Министрі

17 Маусым, 2015 12:03
Моноқалалармен жұмыс істеу бағдарламасына түзетулер енгізіледі, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгінгі Парламент Палаталарының бірлескен отырысында.

«Біз жақында ғана селекторлық режимде Үкімет отырысын өткіздік, оған Үкіметтің барлық мүшелері, қалалар мен моноқалалар әкімдері қатысты. Біз бұл бағдарламаның жақсы тұстары мен кемшіліктерін қарастырдық», - деп мәлімдеді К. Мәсімов.

Премьер-Министрдің айтуынша, жақсы тұсы бағдарлама бар және моноқалаларға қолдау көрсетуде. Ал, кемшілігі облыс әкімдерінің айтуынша бөлінген қаржының басым бөлігі ТКШ мен аталмыш қалалардағы инфрақұрылымдарды дамытуға және азғантай бөлігі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталды. «Сондықтанда біз бағдарламыны әкімшілендіру жолында бірқатар түзетулер енгіземіз», - деді ол.

Сонымен қатар, Мәсімов экономикалық жағдайдағы өзгерістер өндірістің дамуына әсер ететін жеткізуге мәжбүр болды. «Өкінішке орай, жаңа моноқалалар өздерінің белсенділігін төмендетеді, ол жалғасады және күшеюіде мүмкін. Біз үйреніп қалған және экспортталатын көптеген тауарлар әлемдік экономикады сұранысқа ие болмай қалуы мүмкін. Сондықтанда біз депутатарға жүгінетін боламыз, жұмыс барысына қосымша түзетулер енгізетін боламыз, оның ішінде моноқалалармен жұмыс істеу бағдарламасы да бар», - деп түйді Премьер-Министр.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар