Елорда күнін ұйымдастыруға 4500 адам жұмылдырылады – Мажағұлов

17 Маусым, 2015 11:36
2015 жылғы Елорда күнін ұйымдастыруға, шараларды өткізуге 4500 адам тартылады, деді «Астана қаласының мәдениет басқармасы» МБ жетекшісі Болат Мажағұлов ОКҚ брифингінде.

«Бұл жылы шаралардың көптігіне орай, ашық алаңдарда мерекелік шараларды өткізуді ұйымдастыруға 4500 адам тарттық. Олар ұйымдастыру жұмыстарына қатысады. Оған әртістер, сценографтар, бишілер, режиссерлер, волонтерлар кіреді», - деді ол.

Оның айтуынша, волонтерлар тегін түрде қолғабыс көрсетеді. «Бұл волонтерлардың өздерінің бастамасы олар сүйікті қалаларының мерекесіне атсалысып, бірге тойлауды жөн көріп отыр», - деді ол.

Айта кетерлігі, осы жылы Елорда күніне орай қалада республикалық және халықаралық маңыздағы 70 шара өткізу жоспарланған.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар