• Басты
  • Жаңалықтар
  • Конституциялық Кеңес Жолдауын ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жария етті

Конституциялық Кеңес Жолдауын ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жария етті

17 Маусым, 2015 11:03
Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Рогов Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық Кеңестің «ҚР Конституциялық заңдылығының жағдайы» атты жолдауын жария етті.

«Биылғы жылы ҚР Конституциясына 20 жыл толады. Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан дайындалып, Қазақстан халқы тарапынан 1995 жылдың 30-тамызында референдумда қабылданған Конституция ең қымбат құндылықтары адам, оның құқықтары мен бостандықтары болып табылатын, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратын, тәуелсіздікке қол жеткізіп, оны нығайтуға жан-жақты әрі кезең-кезеңмен бекітуді қарастырған кезеңнің нышаны болды»,-деді И.Рогов.   

Жолдауда айтылғанындай, халықтың мүдделері мен оның ерік-жігерінің жүзеге асуының үлгісі болған басты заң қазақстандықтарды біріктірген мықты бастама болды және ол еліміз Қазақстанның мемлекеттілігінң тәуелсіздік негіздері, қалыптасқан мемлекет, түптеп келгенде азаматтық келісім шарттары негізінде көпбағытты тарихи трансформация, саяси тұрақтылық, ұлтаралық, конфессияаралық бейбітшілік сияқты кезеңдерден өтуін қамтамасыз етті.

«Жолдауда конституциялық дамудың негізгі қорытындылары жария етілді, Конституциялық Кеңестің қызметі, конституциялық құрылыстың негіздерін жүзеге асырудағы құқықтық көзқарастары мен кеңестері, сондай-ақ жаңа заңдар қабылдау шаралары арқылы оны жүзеге асыру, қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мен конституционализмді нығайту мәселелері көрініс тапты»,-деп қосты И.Рогов.  

Төрағаның сөзінше, еліміздің басты заңының конституциялық құндылықтары мен ережелері ҚР Президентінің саяси, құқықтық шешімдерінде, мемлекеттік жосапарлау жүйесінде, бірінші кезекте «Қазақстан -2030» Стратегиясы мен оны дамытуға арналған «Қазақстан -2050» Стратегиясында, Мемлекет басшысының жыл сайын халыққа жолдаған Жолдауларында, ҚР (1996) мемлекеттік бірлікті қалыптастыру тұжырымдамасында, (2010) Ұлттық бірлік доктринасында, және өзге де тұжырымдалалар мен мемлекеттік бағдарламаларда көрініс тапқан.

«Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті көтерген «Мәңгілік ел» ұлттық патриоттық идеясы да өміршең болып табылады. Ол  5 институционалды реформа арқылы жүзеге асырылады. Оларды дамыту үшін Мемлекет басшысы мемлекеттік құрылысты әрі қарай жалғастырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын ұсынды»,-деді ол.    

Осылайша, Коснтитуциялық Кеңес төрағасы Конституциялық Кеңестің басты заңның әлеуетін бұдан әрі де тиімді пайдаланудағы алдыға қойған мақсаттарға жететіндігіне сенім білдірді. Сондай-ақ ол елде конституционализм сатылап енгізіліп, ҚР әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отырған, азаматтық қоғам құндылықтарын ту етіп ұстанған, қалыптасқан, мықты, сәтті дамып келе жатқан ел ретінде нығайтылатындығын атап өтті.

Индира Кауметова

 

 

 

Барлық жаңалықтар